Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дым көрінбейтін тас түнектің ортасында қалып, үстіңді топан су басып тастаған. Таң атқанға дейін мен төзіп шыдадым,Арыстан сүйегімді сындырғандай ауырдым,Ымыртта жанымды аласың деп ойладым. Енді ел ішінде бата сұраған әркім Маған, «Сөзіне адал шынайы Құдайға», сиынып бата сұрайды. Ант еткендер де «Сөзіне адал шынайы Құдайдың атымен» деп ант бермек. Сонда бұрынғы қиыншылықтар ұмытылып, бұдан былай көзіме түспейтін болады. Ол елсіз далаға айналып, бәрінен жұрдай қалған күйі Менің алдымда мұңайып жатыр. Бүкіл жер қаңыраған бос далаға айналды, өйткені оған көңіл бөлетін ешкім жоқ. Себебі Мен Ефрем халқы үшін арыстан іспетті, Яһуда халқы үшін жас арыстан сияқты мейірімсіз боламын. Мен Өзім оларды паршалап жарып тастаймын да, орындарынан алып кетемін. Сонда оларды құтқаратын ешкімі болмайды. Сондықтан Мен оларға арыстан сияқты тап беріп, қабылан сияқты жүрер жолын аңдып, шабуыл жасаймын.
Выбор основного перевода