Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер құдіреті шексіз Тәңірге қайтадан бет бұрсаң, Онымен қарым-қатынасыңды қалпына келтіресің. Сондықтан үй ішіңнен зұлымдықты аластат! Арам нәрселерге еш көз салмаймын,Опасыздардың істерін мүлдем ұнатпаймын,Өзіме жабысуларына мүмкіндік бермеймін. Күнәларыңнан арылып, тазарыңдар! Көз алдымда жасап келген зұлым істеріңді тоқтатып, жамандық атаулыдан бас тартыңдар! Жақсылық істеуді үйреніп, әділдікке ұмтылыңдар! Зорлық-зомбылық жасағандарды әшкерелеп, оларға тыйым салыңдар, жетім-жесірлерді қолдап, мүдделерін қорғаңдар!» Жаратқан Ие былай деп шақырады: «Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейік! Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қардай аппақ қылмақпын. Қылмыстарың қан қызыл болса да, сендерді кешіріп, аппақ жүндей ағартпақпын.
Выбор основного перевода