Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендерге сол халықтардың арасында да тыныштық болмайды. Аяқтарың дамыл таппай ел кезетін боласыңдар. Жаратқан Ие сендерге дірілдеп үрейленген жүрек, көз жасын төгіп, көруден қалған көз және үміті үзіліп торыққан көңіл береді. Құдайды ұмытқандардың тағдыры да осындай, арсыз адамдардың үміті ақталмайды. судың тасты мүжіп, тасқын судың жердің топырағын шайып әкететініндей, Сен де пенденің үмітін құртасың. Олар өз пайдалары үшін достарын сатады, бірақ соның кесірі балаларына тиетін болады. Сонда жеті баланың анасы әлсіреп, соңғы демін шығарады. Оның күні күндізгі уақытта-ақ батып кетеді. Ол балаларынан айырылып, масқара болды. Ал халықтың тірі қалғандарын жауларының семсерімен өлтіртемін, — деп ескертеді Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода