Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олардың алыстағылары індеттен қырылады, жақындағылары семсерден өледі. Ал қамалған қалада осы екеуінен тірі қалғандары аштан өледі. Осылайша Мен оларға бар қаһарымды түгелдей төгемін. Ақыр аяғың жетті! Мен саған қаһарымды төгемін! Істеген қылықтарыңа сай үкім шығарып, жексұрын күнәларыңа сәйкес жазаламақпын. Алайда олар Маған қарсы бас көтеріп, тыңдамай қойды. Олар көз қарашығындай сүйіп табынатын жексұрын мүсіндерін лақтырып тастаған жоқ, әрі Мысырдың жалған тәңірлерінен де бас тартпай қойды. Сондықтан Мен бастарына қаһарымды төгіп, оларды Мысыр елінде бар ашу-ызаммен жазаламақ болдым. Алайда олардың балалары Маған қарсы бас көтеріп, тапсырған ережелерімді ұстанбады, әрі заңдарымды орындамады. Ал оларды орындайтын адам солар арқылы өмір сүреді. Соған қоса олар демалыс күндеріме қатысты ережелерімді бұзып, сол күндердің қасиеттілігін қастерлемеді. Сондықтан Мен бастарына қаһарымды төгіп, оларды иен далада бар ашу-ызаммен жазалауға ұйғардым. Сондықтан Мен оларға ашуымды төгіп, қаһарымның отымен оларды жалмап құрттым. Осылайша істеп жүрген істерінің жазасын өздеріне тартқыздым», — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие.
Выбор основного перевода