Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие былай дейді:— Ассур патшалығы қасіретке қалады! Мен оны ызғарлы қаһарыма ұшырағандарды жазалау үшін ғана таяқ, сойыл сияқты пайдаланамын. Уа, елдің тұрғындары, құритын күндерің келді! Уақыт таяп қалды, сот күні жетті! Тауларды орақтың көңілді әні емес, қатты қорқудың айқайы жайлайды. Сол күн — қараңғылық пен қара түнектің, бұлттар мен қою тұманның күні! Таң ата жарықтың тау бастарына біртіндеп жайылатынындай, бір үлкен де қуатты әскер елді қаптап келе жатыр. Ол сияқты ежелде ештеңе болмаған, келер замандарда да болмайды.
Выбор основного перевода