Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өзің таңдап алған ежелгі замандаХалқың екенімізді есіңде сақташы:Сенің босатқан ұлтыңбыз, меншігің айрықша.Сиондағы тұрағыңды да ұмытпашы: Ежелде қираған қаланы аралашы,Жау түгел жойған мекеніңді қарашы. Бізбен кездескен орныңда жауың шулады,Таңбасын тігіп киелі жерде паңданды. Орманда ағаш кескендер сияқтыКіреберіс қақпаларды шапқылады, Айбалта, шоттарымен қиратып тастадыӨрнектеліп ойылған тақтайшаларды. Жау киелі үйіңді өртеп, талқандады,Сенің атыңдағы мекенді арамдады, «Соларды біржола құртамыз!» деп шешті,Елдегі Саған сиынатын жерлерді,Уа, Құдай, олар түгел өртеп жіберді. Сендердің жерлерің қаңырап бос қалған, қалаларың өртеніп, қираған. Жат жерліктер егістіктеріңнің өнімін көз алдарыңда жеп қояды. Жау қырып-жойып кеткен елдерің быт-шыт, жұрдай болып жатыр. Мен елдің тұрғындарын жазалауға қолымды созғанда олардың үйлері, жерлері және әйелдері бөтен жұрттың қолына көшеді! — деп ескертеді Жаратқан Ие. Бөгде адамдар оның қуатын жалмауда, бірақ ол соны білмейді. Оның басын ақ қырау шалған, бірақ ол соны да байқамайды.
Выбор основного перевода