Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылай Манаса Яһуда халқын Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеуге еліктіріп күнәға батқан еді. Бұған қоса Манасаның жазықсыздан-жазықсыз төккен қанының көп болғаны сонша, Иерусалим бұ шетінен о шетіне дейін қанға толғандай болды. Қайнар көзден судың ағып шыға беретініндей, бұл қаладан зұлымдық солай шыға береді. Одан зорлық-зомбылық пен тонаудың даусы естіліп тұр. Оның дерті мен жаралары әрқашан көз алдымда. Сонда Жаратқан Ие маған мынаны айтты:— Өзіңе қайыс пен сырықтан мойынтұрық жасап, мойныңа киіп ал. Жаратқан Ие маған: «Ей, пендем, сен мұны көріп тұрсың ба? Олардың істеп жүрген жексұрын істері Яһуда халқына жай әншейін іс болып кеткендей ме? Соған қоса олар бүкіл елді зорлық-зомбылыққа толтырып, Менің қаһарымды бұрынғыдан бетер өршітіп келеді! Қарашы, олар Маған тіпті мұрындарын шүйіреді! Ол маған былай деп жауап берді:— Исраил мен Яһуданың кінәсі алапат зор! Бүкіл елде қан төгілген, қала да әділетсіздікке толған. Олар «Жаратқан Ие біздің елді тастап кетті! Жаратқан Ие бізді көрмейді!» деседі.
Выбор основного перевода