Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
онда Жаратқан Ие сендерді және кейінгі ұрпақтарыңды сұрапыл азаптарға ұшыратып, ұзаққа созылатын ауыр індеттерді, қорқынышты да созылмалы ауру-сырқауларды жібереді. Менің мүшкіл халіме қуанғандарБәрі ұятқа қалып, масқаралансын,Өздерін менен тым жоғары қойғандарҚара бет болып, ұятқа орансын. Сондықтан біліп қойыңдар: Мен осы халыққа тағы да әдеттен тыс, таңғажайып та керемет бір нәрсе істеймін. Сонда олардың дана адамдарының даналығы жойылып кетеді, ақылдыларының ақылы жоқ болады». Әлемнің Иесі солар туралы мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен олардың бастарына семсер, ашаршылық және індет түсіріп, оларды бұзылып, жеуге жарамай қалған жиренішті інжір жемістері сияқты етемін! Ақыр аяғың жетті! Мен саған қаһарымды төгемін! Істеген қылықтарыңа сай үкім шығарып, жексұрын күнәларыңа сәйкес жазаламақпын. Енді Мен саған аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Қайта, істеген зұлым да жексұрын іс-әрекеттеріңнің сазайын тартқызамын. Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар». Саған жуырда қаһарымды төкпекпін, барша ашу-ызамды жаудырмақпын. Сені қылықтарыңа сай соттап, жексұрын күнәларыңа сәйкес жазаламақпын. Күнә жасаған жанның өзі соның жазасын тартып өлуге тиіс. Баласы әкесінің кінәсі үшін, әкесі де баласының кінәсі үшін жазаланбайды. Әділдің ізгі іс-әрекеті өзіне жақсылыққа саналады, әрі зұлымның арам іс-әрекеті өз мойнына артылады. Сонда теңіз жағалауындағы елдердің барлық әміршілері өз тақтарынан түсіп, шапандарын сыпырып, кестелі киімдерін шешеді. Оларды қорқыныш билеп, ұдайы қалшылдап жерде отыратын болады. Сенің тартқан жазаңнан олар аңтарылып, зәрелері ұшады.
Выбор основного перевода