Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Халқымның басына пәлелер түсіремін,Жебелерімді оларға атып бітіремін. Рохабоғам әкесі Сүлейменнің көзі тірі кезінде уәзірі болған ақсақалдардан ақыл сұрап:— Мына халыққа қандай жауап беру керек, не деп кеңес бересіздер? — деді. Еш көрмейміз өзімізді құтқаруыңдыБелгілейтін Сенің керемет істеріңді.Пайғамбар жоқ бізге хабарыңды жеткізуші,Әрі жоқ пәленің қашан бітетінін білуші. Сондықтан біліп қойыңдар: Мен осы халыққа тағы да әдеттен тыс, таңғажайып та керемет бір нәрсе істеймін. Сонда олардың дана адамдарының даналығы жойылып кетеді, ақылдыларының ақылы жоқ болады». Бір апаттан кейін бір апат, бүкіл ел қирап иесіз бос жатыр. Бір мезетте-ақ шатырларым, көзді ашып-жұмғанша жабынды күркем жермен-жексен болып қалды. (Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) жетінші жылдың бесінші айының оныншы күні Исраилдің ақсақалдарынан бірнеше адам Жаратқан Иенің еркін сұрап білу үшін менің алдыма келіп отырды. «Ей, пендем, Исраилдің ақсақалдарына былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сендер Менің еркімді сұрап білу үшін келдіңдер ме?! Өзімнің атыммен ант етемін: Сендердің Менің еркімді сұрап білулеріңе жол бермеймін!» — Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады. Себебі діни қызметкердің аузынан шыққан сөздері білімді сақтайды. Адамдар оның айтқандарынан тәлім алуға ізденулері керек. Себебі ол — Әлемнің Иесінің хабаршысы.
Выбор основного перевода