Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Жаратқан Ие Исраил халқын құтқарып, ұдайы қорғап-қолдайды. Содан оларға: «Енді қайтып қорланбайсыңдар, мәңгі масқара болмайсыңдар!» — делінеді. Теңіз жағалауларындағы шалғай елдер Менен белгі күткен еді. Енді, міне, үлкен сауда кемелері бірінші болып жетіп жатыр. Сион, олар сенің ұлдарыңды алыстан алып келе жатыр! Олар Менің құрметіме алтын-күмістерін бағыштайды. Мен Өзім, сенің Құдайың Жаратқан Ие, Исраилдің Киелі Құдайы, саған салтанат пен сәулет сыйлаймын. Өзіңе азап шеккізгендердің ұрпақтарының сенің алдыңа келіп, бас июлеріне тура келеді. Саған қорлық көрсеткендердің бәрі аяғыңа жығылып, сені «Жаратқан Иенің қаласы, Исраил сиынған Киелі Құдайға бағышталған Сион» деп атап, қадірлейтін болады. Сонда Мен олардан «Сендер баратын биіктеу жер не қылған жер?» деп сұраған болатынмын. Сондықтан да сондай табыну орындары осы күнге дейін биіктеу жер деп аталып келеді. Бірақ халқым қай ұлттардың жерлеріне бармасын, олар жайлы: «Бұл — Жаратқан Иенің халқы, әйтсе де, олар Оның жерінен кетуге мәжбүр болды!» делініп, Менің қасиетті есімім қорланды. Сонда Мен Исраил халқы жер аударылған өзге халықтардың арасында қорлыққа ұшыраған өз қасиетті есімімнің қамын ойладым. Сондықтан Исраил халқына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Уа, Исраил халқы, Мен енді әрекет етемін. Бірақ сендерге бола емес, Өзімнің қасиетті есіміме бола солай істеймін. Сендер жер аударылып барған халықтардың арасында есімімді қорлыққа ұшыраттыңдар. Сонда сен халқым Исраилге қарсы жер бетін жабатын бұлт сияқты болып келесің. Кейінгі күндері Мен сені, ей, Гог, таңдаулы еліме қарсы аттандырып, Өзімнің киелі де қастерлі екенімді халықтардың көзінше дәлелдеймін. Содан халықтар Менің кім екенімді біліп, мойындайтын болады». Осылайша Мен көп халықтардың алдында ұлылығым мен киелілігімді паш етіп, Өзімнің кім екенімді ашық көрсетемін. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады».
Выбор основного перевода