Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қайта, өздеріңнің әділетсіз істерің Құдаймен араларыңды ажыратып келеді! Жасаған күнәларың Оның бетін сендерден бұрып әкетеді. Сондықтан да Құдай Ие мінажаттарыңа құлақ салмайды. Кездестірген жауларының бәрі де оларды жалмап қойып, былай дейтін: «Біз кінәлі емеспіз, өйткені олар өздерінің тынығатын шынайы «мекені» — Жаратқан Иеге қарсы күнә жасады. Ал Ол ата-бабалары үміт артқан Жаратқан Ие ғой». Сондықтан, ей, пендем, Исраил халқына тіл қатып былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Маған қарсы осындай опасыздық жасаулары арқылы сендердің ата-бабаларың да Мені қорлайтын. Себебі Исраил халқы жазықсыз адамдардың қанын төгіп, жалған тәңірлеріне табынып осы елді арамдады. Сондықтан да Мен халықтың үстіне қаһарымды төктім. Мен халықты бөтен ұлттардың арасына шашыратып жіберіп, олар түрлі елдердің ішіне тарап кетті. Оларға жаман салт-дәстүрлері мен зұлым іс-әрекеттеріне сәйкес осы үкімді шығардым. Бірақ халқым қай ұлттардың жерлеріне бармасын, олар жайлы: «Бұл — Жаратқан Иенің халқы, әйтсе де, олар Оның жерінен кетуге мәжбүр болды!» делініп, Менің қасиетті есімім қорланды. Бірақ Мен өздерің халықтардың арасында қорлаған ұлы есімімнің қандай киелі екенін көрсетемін! Осылайша Мен халықтардың көз алдында Өзімнің киелілігімді араларыңда көрсеткенімде олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады», — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. Олар өз елдерінде қайтадан аман-есен өмір сүріп, енді ешкім күш көрсетіп, қорқытпайды. Сонда өздерінің Маған опасыздық жасап масқара болғандарын мойындайды. Исраил халқына Өзімнің Рухымды төккен соң, Мен енді қайтып олардан бет-жүзімді жасырмаймын», — Жаратушы Тәңір Ие осыны уәде етеді.
Выбор основного перевода