Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Табын-отар малының май-сүтімен,Бордақы тоқты-лақтың етіменен,Башанның ең қоңды қошқарларыменТойдырады, әрі үздік астық дәнімен. Сүзеген бұқадай жау алды қоршап,Башандық бұқадай жан-жақтан қыспақтап, Иә, Жаратқан Иенің семсері құрбандыққа шалынған қой-ешкілердің қанына малынып, солардың майына және қошқарлардың бүйрек майына малынып, тойған іспетті. Себебі Жаратқан Ие Едом жерінің Босора қаласында құрбандық шалғандай үлкен қантөгіс жасамақ. Әй, Башан сиырларындай семіз әйелдер! Самарияның тауында тұратын сендер, мына сөзді тыңдаңдар! Сендер кедейлерге зорлық жасап, мұқтаждарды езгіге ұшыратып келесіңдер, әрі күйеулеріңе: «Әкел бері, ішейік!» — дейсіңдер. «Халқыңды, өз үлесіңе тиген отарыңды, асатаяғыңмен бақ, уа, Ием. Олар ну орманда әрі құнарлы егістіктерде тұрады. Өткен замандағыдай, олар Башан мен Ғилақадтың жайлауларында оттасын». Патшалардың, қолбасылар мен жауынгерлердің, аттар мен үстіндегілердің, құл-азат, үлкенді-кішілі күллі адамдардың өліктерінің етін жеңдер!» — деп айқай салды.
Выбор основного перевода