Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Арогер аймағының қалалары қаңырап бос қалады. Енді олар малдың жайылымына айналып, ешкім де олардан малды қуып аластатпайды. (Содан соң Жаратқан Ие маған былай деді): «Ей, пендем, Мен олардың көздерінің қуанышы мен салтанаты, жүректерінің аңсары, ең қымбат қазынасы — өздерінің берік қамалын да, әрі өз ұл-қыздарын да олардан алып қойған күні мынадай болады: дәл сол күні Иерусалимнен Бабыл еліндегі сенің алдыңа біреу қашып келіп, болған жайттың бәрін айтып береді. Сол кезде саған қайтадан тіл бітіп, онымен сөйлесесің. Бұдан кейін үн-түнсіз қалмайсың, сөйлей алатын боласың. Сонымен сенің басыңнан өткен бұл жайттар халыққа (болашақ оқиғаларды алдын ала білдіретін) ескерту болмақ. Осылай олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». Әркім отырады өз жүзім бұтасыныңТүбінде әрі өз інжір ағашының,Ешкім оларды қорқытпайды енді!Осыны нық айтқан Әлемнің Иесі.
Выбор основного перевода