Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Ол қиратты жаудың отты жебелерін,Һәм соғыс қалқандары мен семсерлерін. «Пендем, Мен Мысыр патшасы перғауынның қолын сындырған едім. Ал оның қолын ешкім таңбапты, әрі қолын нығайтып, семсерді қайта ұстай алатындай қылып емдемепті. Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен Мысыр патшасы перғауынға қарсы шығамын. Оның екі қолын: сау қолын да, сынған қолын да сындырамын. Осылайша оның қолынан семсерін жерге түсіріп тастаймын. Мысырлықтарды басқа ұлттардың арасына таратып, бөтен елдердің ішіне шашыратып жіберемін! Мен Бабыл патшасының қолдарын күшейтіп, оның қолына өз семсерімді ұстатамын, ал перғауынның қолдарын сындырамын. Ол Бабыл патшасының алдында өлімші болып жараланған адамдай ыңырситын болады. Сол кезде Ізрел аңғарында Солтүстік Исраилдің әскери күшін сындырылған садақ іспетті жоямын!» Сол күні Мен даладағы жабайы аңдармен, әуедегі құстармен және жерде жорғалайтын хайуандармен халқыма нұқсан келтірмеулері жайлы келісім жасаймын. Мен соғыс, садақ, семсер атаулыны елден аластатып, жоқ қыламын. Сонда халқым ұйқыға алаңсыз жататын болады.
Выбор основного перевода