Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біліп алыңдар енді, Менің Өзім,Жалғыз Өзім ғана (шынайы) Құдаймын,Менен басқа құдай болмас дәйім!Өмірді алар яки қайтарар Өзіммін,Жаралап, жараны жазар да Менмін,Құтқара алмайды өз қолымнан ешкім. Ием жанды алады әрі тірілтеді,Көрге түсіріп, одан алып та шығады. Сендердің өлген адамдарың қайтадан өмір сүреді, олардың тәндері өлімнен қайта тірілмек. Уа, жер астында жатқан бәрің де, өлімнен оянып, шаттана әндетіңдер! Сендер таңғы шықпен суартылған өсімдіктей өсіп-өнесіңдер. Жер өлгендерді шығарып, бұ дүниеге қайтармақ. Жер қойнында жатқан сансыз көп өлгендер қайта тіріледі. Олардың бірқатары мәңгілік өмірге ие болады, ал қалғандары мәңгілік ұят-масқараға қалады. Әлдебіреуің: «Өлгендер қалайша қайта тіріледі, тірілген денелері қандай болмақ?» — дерсіңдер.
Выбор основного перевода