Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Солтүстік Исраил елі енді қайтып Яһуданы күндемейді, Яһудаға қарсы жауласып келгендердің бәрі де ғайып болады. Бұдан былай Яһуда Солтүстік Исраилге қастық жасамайды. Сол заман туғанда Яһуда халқы Солтүстік Исраил халқына қосылып, екеуі (жер аударылған) солтүстіктегі елдерден Мен өздерінің ата-бабаларына мұралық меншікке берген елге қайтып келеді. Және олардың үстінен бір бақташыны, өз қызметшім Дәуітті, тағайындаймын. Ол солардың жайып, қамқорлайтын бағушысы болады. Мен, Жаратқан Ие, олардың Құдайы, ал қызметшім Дәуіт олардың арасындағы әмірші болады. Өзім, Жаратқан Ие, осыны уәде етемін. Сен: «Осы екі ел — Яһуда мен Исраилдің халықтары да, жерлері де менікі болады. Оларды иемденіп аламын!» деген болатынсың. Ал Мен, Жаратқан Ие, сол жерде болдым ғой! Яһуданың және Исраилдің адамдары тағы да бірігіп, өздеріне бір басшыны тағайындап алады. Олар (жер аударылған) елден қайтып келеді. Себебі (халық өз елін қайтадан қоныстанатын) «Ізрел күні» ұлы күн болады! Бұл отардан басқа да қойларым бар, соларды да алып келуім керек. Олар даусымды естіп таниды, сонда барлығы бір-ақ Бағушысы бар біртұтас отар болады.
Выбор основного перевода