Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Пендем, бір ағаш тақтайша ал да, оған: «Яһудаға және онымен одақтасқан исраилдіктерге» деп ойып жаз! Сосын тағы бір тақтайша алып, оған: «Жүсіпке, яғни Ефремге, және онымен одақтасқан Исраил халқының бәріне» деп ойып жаз. Содан соң екі тақтайшаны алып, оларды бір-біріне қосып, қолыңда біртұтас етіп ұста. «Мен Яһуда халқын күшейтіп, Жүсіптің үрім-бұтағын да құтқарамын. Мен оларға мейірбандық танытып оларды елге қайтарып алып келемін. Сонда олар Мен өздерінен ешқашан бас тартпағандай болады. Мен олардың Құдайы Жаратқан Иемін ғой, Мен оларға құлақ саламын.
Выбор основного перевода