Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал оларға тапсырған өсиетім мынадай болды: Маған мойынсұныңдар, сонда Мен сендердің Құдайларың, сендер Менің халқым боласыңдар! Тек Менің өздеріңе бұйырған жолыммен ұдайы жүріңдер! Сонда игілікті өмір сүріп өркендейтін боласыңдар. Осылай халқым еліне қайтып келгенде, жалған тәңірлердің ондағы жиренішті мүсіндері мен жексұрын бейнелерінің бәрін алып тастайтын болады. Сонда исраилдіктер бұдан былай Менен безіп, өздерін әр түрлі заңсыз істерімен арамдамайтын болады. Олар Менің халқым болады, ал Мен олардың Құдайы боламын». — Жаратушы Тәңір Ие осыларды нық айтады. Мен сендерге таза су бүркіп сепкендей, өздеріңді арамдаған бүкіл былғаныштарыңнан тазартамын. Сендерді барлық арамдықтарыңнан әрі табынып келген тәңірсымақтарыңның бәрінен арылтамын. Сендер Мен ата-бабаларыңа табыстаған елді қайтадан мекендеп, Өзімнің халқым боласыңдар, ал Мен Құдайларың боламын. Ол былай деді: Пендем, бұл орын — Менің «тағым» тұратын жер және «табан тіренішім». Мен осы орында исраилдіктердің арасында әрқашан боламын. Не Исраил халқының өзі, не олардың патшалары Менің киелі есімімді енді қайтып арамдамайтын болады. Олар биіктеу жерлеріндегі жалған тәңір мүсіндеріне және дүние салған патшаларының ескерткіш бағаналарына бұдан былай табынбайды.
Выбор основного перевода