Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендердің өлген адамдарың қайтадан өмір сүреді, олардың тәндері өлімнен қайта тірілмек. Уа, жер астында жатқан бәрің де, өлімнен оянып, шаттана әндетіңдер! Сендер таңғы шықпен суартылған өсімдіктей өсіп-өнесіңдер. Жер өлгендерді шығарып, бұ дүниеге қайтармақ. Өйткені Мен сендерді халықтардың арасынан шығарып, барлық елдерден жинап, өз елдеріңе алып келмекпін. Мен оларды о дүниенің билігінен босатып, өлімнен құтқарып аламын ба? (Жоқ, солай істемеймін.) Өлім, қайда улы тісің? О дүние, қайда сенің жеңісің? Мен еш аяушылық көрсетпеймін». Мен халқым Исраилді тұтқыннан қайтарып, игілікке кенелтемін. Олар қаңырап қалған қалаларды қайта тұрғызып, сонда қоныстанатын болады, жүзімдіктер мен бау-бақшалар отырғызып, солардың шырынын ішіп, жемісін жейтін болады. Осылай Мен халқымның тамырларын өз елінде терең жайдырамын. Олар Өзім табыстаған елден енді қайтып жұлынып тасталмайды. Мұны Мен, Құдайың Жаратқан Ие, уәде етемін».
Выбор основного перевода