Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі Мен елде сондай бақташыны шығарамын. Ол отардың ішіндегі құрып бара жатқандарының қамын да ойламайды, адасып кеткен төлдерін де іздемейді, ауырған қойларын да емдемейді, сауларын да күтпейді. Керісінше, ол семіздерінің етін жалмап, тіпті тұяқтарына дейін шағып жеп тауысады. Иса көптеп жиналған халықты көргенде, оларға жаны ашыды. Себебі адамдар бағушысы жоқ қойлардай қалжыраған бейшара күйде болатын. Мынаған қалай қарайсыңдар: Бір бағушының жүз қойы болып, солардың біреуі адасып кетсе, ол не істемек? Тоқсан тоғыз қойын қырат басында қалдырып, жоғалып кеткенін іздеп шықпай ма? — Егер араларыңдағы біреудің жүз қойы болып, солардың бірін жоғалтып алса, ол не істемек? Тоқсан тоғыз қойын далада қалдырып, жоғалып кеткенін тапқанша іздемей ме? Тәңір Иенің меншікті қауымдарына өктемдік жүргізбеңдер, қайта, рухани «отарға» үлгі-өнеге болыңдар! Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты. — Халқымды жетелейтін бағушылар да ақылдарынан айырылып, Жаратқан Иеге бет бұрып сиынбайды. Сондықтан да олар ешқандай табысқа жетпей, қарауларындағы бүкіл халық шашырап қаңғып кеткен. Өз халқын бағып жүрген осы «бақташыларға» Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: «Сендер Менің «қойларымды» бытыратып қуып жіберіп, оларға тиісті назар аудармадыңдар. Сондықтан Мен сендердің толып жатқан зұлым істеріңе енді назарымды аударамын! — деп ескертеді Жаратқан Ие. Менің халқым қойлар сияқты жоғалып кетті. Бағушылары азғырып, тауда адастырып жіберген олар тау-төбелерді кезіп, өздерінің тынығатын жерін ұмытқан. Кездестірген жауларының бәрі де оларды жалмап қойып, былай дейтін: «Біз кінәлі емеспіз, өйткені олар өздерінің тынығатын шынайы «мекені» — Жаратқан Иеге қарсы күнә жасады. Ал Ол ата-бабалары үміт артқан Жаратқан Ие ғой».
Выбор основного перевода