Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Алдағы уақытта Мен Дәуіттің әулетінен бір «Әділ Өскінді» өсіріп шығаратын кез келеді. Ол патшалық құрып, даналықпен әрекет етіп, жерге әділет пен шындық орнатады. Енді олар өз Құдайлары Жаратқан Иеге және Дәуіттің әулетінен шыққан өз патшаларына мойынсұнып қызмет ететін болады. Мен сол үшін оларға Дәуіттің ұрпағын патша болуға қайтадан тағайындап беремін. Сендер Мен ата-бабаларыңа табыстаған елді қайтадан мекендеп, Өзімнің халқым боласыңдар, ал Мен Құдайларың боламын. Содан соң исраилдіктер қайта оралып, өз Құдайлары Жаратқан Иеге және өз патшалары — Дәуіттің ұрпағына бет бұрып мойынсұнатын болады. Олар сол кейінгі заманда Жаратқан Иені дірілдеп терең қастерлеп алдына келіп, Оның өздеріне сыйлайтын игіліктерін қабылдайтын болады.
Выбор основного перевода