Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар қомағай, тоюды білмейтін төбеттерге ұқсас! Түсінігі жоқ осы бағушылардың бәрі өз беттерімен жүріп, әрқайсысы өз пайдасын ғана ойлайды. Әміршілерің олжасын паршалап жұлып, ақырған арыстандай, астыртын әрекет жасауда. Олар адам өмірін жалмап, мал-мүлкін тартып алып, осы елде көптеген әйелді жесір қалдырды. Сенің басшыларың олжасын жарып жейтін қасқырларға ұқсайды. Олар арам пайда табу үшін қан төгіп, кісі де өлтіреді. Құдайым Жаратқан Ие мынаны айтады: «Сойылуға белгіленген отарымды бақ! Оларды сатып алып кеткендер қырып салып, жазасыз қала береді. Ал оларды сатып жібергендер: Жаратқан Иеге шүкірлік, байып алдық! — дейді. Тіпті бақташылардың өздері баққан малын аямайды. Себебі Мен елде сондай бақташыны шығарамын. Ол отардың ішіндегі құрып бара жатқандарының қамын да ойламайды, адасып кеткен төлдерін де іздемейді, ауырған қойларын да емдемейді, сауларын да күтпейді. Керісінше, ол семіздерінің етін жалмап, тіпті тұяқтарына дейін шағып жеп тауысады.
Выбор основного перевода