Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен мезгілінде жаңбыр жаудырамын, сонда жер өнімін, ағаштар жемісін береді. Сол заманда Исраил Мысырмен және Ассурмен қатарлас тұрған үшіншісі болып, осы халық арқылы Жаратқан Иенің жарылқауы жер бетіне жететін болады. онда Мен, Жаратқан Ие, олардың Өзіме бағышталған қасиетті Сион тауына келулеріне жол беремін. Маған сиынуға арналған ғибадатханада оларды қуанышқа кенелтемін. Сол басқа ұлттық сенушілердің Өзімнің құрбандық үстелімде шалып, өртеген құрбандықтарына және өзге де сый-тартуларына риза боламын. Себебі Менің киелі үйім барлық ұлттар мінажат ететін үй деп аталатын болады». Сендер де, уа, Сион халқы, Құдайларың Жаратқан Иеге қуанып, шат-шадыман болыңдар! Өйткені Ол сендерді ақтағанының белгісі ретінде күзгі жаңбырды жаудырды. Бұдан былай Ол бұрынғысынша күзгі және көктемгі жаңбырларды уақытында жіберетін болады. Уа, Яһуда халқы әрі (Солтүстік) Исраил халқы! Сендер бұрын басқа ұлттардың арасында қарғысқа ұшырағанның мысалы болып келген едіңдер. Ал енді Мен сендерді құтқарамын, сонда сендер жарылқанып, игілікке кенелесіңдер. Қорықпаңдар, қолдарыңның күшін нығайтыңдар!»
Выбор основного перевода