Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Шопанның отарын қоршауға кіргізгенде қойларды таяғымен санап тексеріп, екшейтініндей, Мен де сендерді асатаяғыммен мұқият тексеріп, Келісімімнің ережелерін ұстануға мәжбүр етемін. Сендерді араларыңдағы Маған қарсы бас көтеретін қыңырлардан тазартамын. Оларды жер аударылған елдерінен алып шықсам да, сондайлар Исраил еліне кірмейтін болады. Содан сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар». Сенің бағушыларыңа деген ашуым лаулап қозады. Мен халықты отардағы серкедей бастап жүретін билеушілеріңді жазалаймын!»Себебі Әлемнің Иесі өз отары — Яһуда халқының қамын ойлайды. Оларды шайқас кезіндегі айбат шеккен тұлпардай етеді. Барлық халықтар Оның алдына жинап әкелінеді. Ол шопанның қойларды серкелерден ажыратқанындай адамдарды екі топқа бөліп, «қойларды» оң жағына, «серкелерді» сол жағына қояды.
Выбор основного перевода