Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оларға тіл қатып былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қой, Мен саған қарсы шығамын, ей, Мысыр патшасы перғауын! Сен дәу айдаһардай «Ніл — менікі, мен оны өзім үшін жараттым!» деп бөсіп мақтанасың. Сонда Мысырдың барлық тұрғындары Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады.Сен Исраил елі үшін қамыс таяқ іспетті қауқарсыз болдың. біліп қой: Мен саған және Ніл өзенінің тармақтарына қарсы шығамын! Мен солтүстіктегі Миғдол қаласынан бастап, оңтүстіктегі Асуан қаласына, одан әрі Құш елінің шекарасына дейін созылған бүкіл Мысыр елін қаңыратып бос қалдырамын. Не адамның аяғы, не малдың тұяғы оны баспайтын болады. Ол қырық жыл бойы қу дала болып еш тұрғынсыз жатады. Мен Мысырды қаңырап қалған елдердің ішіндегі ең елсіз жер етемін. Қырық жыл бойы оның қалалары қиратылған қалалардың ішіндегі ең бос қалатыны болмақ. Мен мысырлықтарды басқа халықтардың арасына таратып, бөтен елдердің ішіне шашыратып жіберемін».
Выбор основного перевода