Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол аттанып келгенде Мысырға шабуыл жасайды. Сонда індеттен өлуге бұйырылғандар індетке, жер аударылуға бұйырылғандар жер аударылуға, семсерге бұйырылғандар семсерге тапсырылатын болады. Мен сол Бабыл патшасы арқылы Мысырдың тәңірсымақтарының ғибадатханаларына от қоямын. Патша солардың мүсіндерін не өртеп жібереді, не тұтқындап әкетеді. Қойшының шапанын жамылып алатынындай, ол Мысыр елін қыспаққа алады. Ақырында сол жақтан аман-есен шығады. Мен Мысырдың көптеген өзен тармақтарының бойында жайылатын барлық малдарын құртамын. Енді қайтып не адам аяғы, не мал тұяғы олардың суын лайламайтын болады.
Выбор основного перевода