Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде Мысыр елі Әлемнің Иесінің өздеріне қарсы созылған қолынан әйел заты іспетті қорқып дірілдейтін болады. Осы уақыт жеткенде Мысырдың бес қаласы Қанахан тілінде сөйлеп, Әлемнің Иесіне адал болуға ант бермек. Қалалардың біреуі «Күнқала» деп аталмақ. Жаратқан Ие Мысыр халқына (күнәларына бола) індет жіберіп жазасын тартқызады, бірақ кейін оларды Өзі сауықтырады да. Олар Жаратқан Иеге бет бұрып, сиынады. Ол мінажаттарына құлақ түріп, оларды айықтырады. Осы уақыт жеткенде Мысыр мен Ассур елдерінің арасында даңғыл жол болады. Осы екі елдің халқы бір-біріне барып келеді әрі бірігіп Құдайға ғибадат ететін болады. Мен сол Бабыл патшасы арқылы Мысырдың тәңірсымақтарының ғибадатханаларына от қоямын. Патша солардың мүсіндерін не өртеп жібереді, не тұтқындап әкетеді. Қойшының шапанын жамылып алатынындай, ол Мысыр елін қыспаққа алады. Ақырында сол жақтан аман-есен шығады. Оларды жандарын алмақ болған Бабыл патшасы Набуходоносор мен оның нөкерлерінің қолдарына тапсырамын. Алайда кейінірек Мысыр қайтадан ежелгі замандағыдай халқы көп ел болады. — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Халқым зор қиындықпен теңіз арқылы өтеді. Сонда буырқанған теңіз толқындары сабасына түсіп тыншиды. Ніл өзенінің бар арналары құрғап кеуіп қалады. Ассурдың өркөкіректігі қорланып, Мысыр да өз билігінен айырылады.
Выбор основного перевода