Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Халқым Менен ақыл сұрамай-ақ Мысырға ылдилап барады. Сол елдің қуатты патшасы перғауыннан қорғаныш іздеп, Мысырдың саясын паналайды. Алайда перғауынның қорғанышы оларға ұят келтірмек, Мысырдың саясын паналау оларды масқараға ұшыратпақ. Ассур патшасының бас уәзірі бұларға тіл қатып былай деді:— Езекияға мына сәлемді жеткізіңдер: Ассур елінің ұлы патшасы мынаны айтады: Сен не нәрсеге арқа сүйейсің? Біліп ал, сен сүйеніп келген Мысыр сынық қамыс іспетті. Егер адам сынық қамысқа сүйенсе, сол оның қолына кіріп, алақанын тесіп шықпай ма? Сол сияқты, Мысыр патшасы перғауын да өзіне сүйенгендердің бәріне осылай істейді. Осы халық туралы Жаратқан Ие мынаны айтады:— Олар Менен алшақ кетіп қаңғырғанды қатты сүйеді, аяқтарын аңдып баспай жүре береді. Сондықтан да Мен, Жаратқан Ие, оларды енді қайтадан қабылдамаймын, істеген зұлымдықтарын есіме алып, оларды күнәлары үшін жазалаймын. Бекерге көмек іздеп көзіміз талды.Мұнарадан тостық құтқара алмайтын халықты. Сонда Мысырдың барлық тұрғындары Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады.Сен Исраил елі үшін қамыс таяқ іспетті қауқарсыз болдың. Осылайша Мысыр елі қаңырап бос қалады. Сонда бұл туралы естігендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады.Сен «Ніл — менікі, мен оны өзім үшін жараттым!» деп бөсіп мақтанғаның үшін Сол кезде Мен Исраил халқына күш-қуат дарытамын. Содан халықтың арасында сенің сөздерің абыройлы болады. Сонда мұны көргендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». Халық Маған арнап малдарын құрбандыққа шалып, етін жесе де, Мен, Жаратқан Ие, соларына риза емеспін. Қайта, Мен халқымның істеген зұлымдықтарын есіме алып, оларды күнәлары үшін жазалаймын: халқым өздері бұрын құл болған Мысырға қайта оралатын болады!
Выбор основного перевода