Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен Яһуда патшасы Седекияхты оның жанын алмақ болған жауы — Бабыл патшасы Набуходоносордың қолына тапсырғанмын. Сол сияқты енді Мысыр патшасы Хофра перғауынды да оның жанын алмақ болған жауларының қолына тапсырамын! — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Я болмаса Мен елге қарсы жаудың семсерін жіберіп, ол бүкіл елдің тұрғындарын мал-мүлкімен қоса құртады дейік. Өйткені Мен, Жаратушы Тәңір Ие, тағы мынаны айтамын: Бабыл патшасының семсері саған сілтенбек. Мен сенің қалың әскеріңді мықты жасақшылардың семсерлерінен қаза таптырамын. Халықтардың ішіндегі ең қатыгездері, олар, Мысырдың тәкаппарлығынан түк қалдырмайды. Сонда осы елдің қалың әскері түгелдей қырылады. Мен Мысырдың көптеген өзен тармақтарының бойында жайылатын барлық малдарын құртамын. Енді қайтып не адам аяғы, не мал тұяғы олардың суын лайламайтын болады.
Выбор основного перевода