Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жарық пен түнектің арасын бөліп тұру үшін су бетінде шеңбердей көкжиекті сызып қойды. Теңіз пайда бола салысымен дүлейлене жөнелгенде оны қақпалармен қоршап, шектеп қойған кім еді? Сол кезде Мен теңізге бұлттарды киім, қара түнекті жөргек еттім, қақпалары мен ысырмаларын орнатқандай оның шекараларын белгілеп қойдым. Оған: «Мына шектен асуыңа болмайды, тәкаппар толқындарыңның тоқтайтын жері осы!» деп бұйырғанмын. Теңіз долдана ақ көбік атқыласа да,Оның толқынынан тау сілкініп жатса да.(Әлемнің Иесі біздің жанымызда,Жақып сиынған Құдай — биік қорғанымыз да!) Сен суларға сонда берік шек қойдың,Су енді қайтып жерді жаппастай қылдың. Өз зұлымдығың саған жаза тартқызады, өз опасыз қылықтарың сені айыптайтын болады.Содан ойланып, мынаны біліп ал: Менен, өзіңнің Құдайың Жаратқан Иеден, бас тартып, Мені еш қастерлемеуіңнің арты қандай жаман да күйінішті болатынына көзіңді жеткіз!» — Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие осыны нық айтады. Кім Сені терең қастерлемесін, уа, халықтардың Патшасы? Бұл жалғыз Саған ғана тиісті. Барлық халықтардың данышпандарының арасында, олардың бүкіл патшалықтарында Саған тең келер ешкім жоқ!
Выбор основного перевода