Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан соң Жаратқан Ие қолын созып, аузыма тигізді де: — Міне, сенің аузыңа сөздерімді салып беріп отырмын. Бүгін сені ұлттар мен патшалықтарға үстемдік жүргізуге тағайындадым. Сен оларды түп-тамырымен жұлып ойсыратып, құлатып жоясың, әрі қайтадан тұрғызып, егіп отырғызатын боласың, — деді. Менің сөздерім от сияқты емес пе? Ол тастың талқанын шығаратын балға сияқты емес пе? — деп сауал қояды Жаратқан Ие. — Сол күні Мен Яһуданың рубасыларын отынның арасындағы шоқ салғыштай, яки астық бауларының арасында жанып жатқан алаудай етемін. Олар айналадағы барлық халықтарды өртейтіндей жалмайды. Бірақ Иерусалимнің халқы қайтадан аман-есен өз мекенінде тұратын болады. Егер кейбіреу оларды жәбірлемек болса, онда ауыздарынан от-жалын шашып, жауларын жалмап қояды. Оларға зиянкестік жасағысы келгендер осылай құртылады.
Выбор основного перевода