Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда жылан әйелге:— Жоқ, тіпті де олай емес, өлмейсіңдер! Алайда олар Құдайдың хабаршыларын мазақ қылып, сөздеріне күліп, пайғамбарларын келекелей берді. Ақыр соңында Жаратқан Ие өз халқына әбден қаһарланды. Оларды енді аман қалдырудың ешбір шарасы қалмады. Сендер: «Ажалмен келісімшарт жасастық, о дүниемен келісімге қол жеткіздік, — деп мақтанасыңдар. — Ғаламат апат келген кезде бізге жоламай өтіп кетеді. Өйткені біз өтірікті паналап, алдамшылықпен жасырынамыз». Сонда мен былай дедім:— Уа, Жаратушы Тәңір Ие! Ал пайғамбарлар оларға: «Жаудың семсерін көрмейсіңдер, ашаршылық та болмайды! Қайта, Мен сендерге бұл жерде амандық пен тыныштық сыйлаймын дейді Жаратқан Ие», — дей береді. — Мені менсінбейтіндерге олар: «Жаратқан Ие былай деді: Сендерде амандық пен тыныштық болады!» Қасарысқан жүрегінің қалауымен жүретін қыңырларға олар: «Бастарыңа ешқандай пәле түспейді!» деп уәде береді».
Выбор основного перевода