Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оған жақындап, былай деп өтінді:— Сонда Сен зұлыммен бірге әділді де құртпақсың ба? Мүмкін, қалада елу әділ адам бар шығар, Сен оларды шынымен құртпақсың ба? Сол жерге ондағы елу әділ адам үшін рақым еткің келмей ме? Сен осылай істеп, әділ жанды жауызбен бірге өлтіріп, оған арам кісіге қарағандай қараудан аулақсың ғой. Бүкіл әлемді Соттаушы әділетті шешім қабылдамаушы ма еді? — Сонда Иеміз:— Егер Мен Содом қаласынан елу әділ адамды тапсам, соларға бола ол жерге рақым етемін, — деді. Ыбырайым:— Мен күл мен топырақтан жаралған пенде болсам да, Иеммен сөйлесіп тұрмын. Мүмкін, әділ адамдардың саны елу емес, одан бесеуі кем шығар, сонда бесеуіне бола бүкіл қаланы құртпақсың ба? — деп сұрады. Иеміз оған:— Егер Мен одан қырық бес әділ кісі тапсам, сол қаланы құртпаймын, — деді. Ыбырайым сөзін әрі қарай жалғастырды:— Мүмкін, ол жерде тек қырық әділ кісі болатын шығар. — Иеміз:— Мен қырық әділ адам үшін де оларға тиіспеймін, — деп жауап берді. Ыбырайым сонда:— Уа, Ием, мен тағы да айтқанда ашулана көрме. Мүмкін, ол жерде отыз ғана әділ адам бар болса ше? — деп сұрады. Иеміз оған:— Ол жерде отыз әділ адам болса да, Мен оған тиіспеймін, — деп жауап қатты. Ыбырайым тағы былай деді:— Мен Иеме еркінсіп тіл қатып тұрмын. Мүмкін, ол жерде тек жиырма әділ кісі болатын шығар. — Иеміз:— Жиырма әділ кісі болғанда Мен қаланы қиратпаймын, — деді. Ыбырайым Одан:— Уа, Ием, мен тағы бір рет қана айтсам, ашулана көрме. Егер ол жерден небәрі он-ақ табылса ше? — деп сұрады. Иеміз:— Мен ол жерді он әділ кісі үшін де құртпаймын, — деп уәде берді. Себебі Жаратқан Ие Өзіне шын жүректен бағышталып, адал болып жүргендерді күш-қуат беріп қолдау үшін, бүкіл жер жүзін назарында ұстап отырады.Осы істегеніңіз үлкен ақылсыздық болды. Сол үшін де бұдан былай соғыстан көз ашпайтын боласыз!» Жаратқан Ие көктен көз салады адамзатқа:«Ақылды біреу бар ма бет бұратын Құдайға?»Деп байқайды Ол. Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Ағаштарды шауып, Иерусалимнің қамалынан өту үшін үймектер үйіңдер! Бұл қала жазалануға тиіс, оның ішінде қанаушылық кеңінен етек жайған. Менің сол елді құртуға мәжбүр болмауым үшін, оны қабырғадай қоршап-қорғайтын әділдікті орнатып, қабырғаның құлаған жерін өз денесімен жауып тұратын біреуді іздедім. Бірақ ешкімді таппадым.
Выбор основного перевода