Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие сендерге қарсы алыстан, тіпті жердің шетінен бір халықты төменге шүйілген бүркіттей аттандырып келтіреді. Сол халық сендер түсінбейтін бөтен тілде сөйлеп, Жаратқан Ие алыстағы халықтарға арнап туын көтеріп, ысқырғандай белгі береді. Сонда әскерлері жер шетінен асығыс аттанып, тез жетеді. Сендер бөгде, түсініксіз тілде сөйлескен сол қатал халықты бұдан былай көрмейсіңдер. Кейін Ишая пайғамбар Езекия патшаның алдына барып, оған:— Ана адамдар не деді, олар қайдан келді? — деген сауал қойды. Езекия:— Олар маған алыстағы елден келді, сонау Бабылдан, — деді. Пайғамбар: Өйткені Мен солтүстіктегі барлық патшалықтардың ұлттары мен тайпаларын шақырып алмақпын. Мен, Жаратқан Ие, осыны нық айтамын.Солардың патшалары аттанып келіп, тақтарын Иерусалимнің қақпаларының жанына орнатады да, қаланы қоршаған қабырғаларына және Яһуданың барлық басқа қалаларына да шабуыл жасайды. Соны халықтарға айтып, Иерусалимге жариялаңдар: «Алыс елден қамал бұзғыш әскер келе жатыр, олар Яһуданың қалаларын басып алмақ болып қатты атой салады! Жаратқан Ие тағы мынаны айтады:— Біліп қойыңдар, солтүстіктен бір әскер аттанып келеді. Жер бетінің алыс шеттерінен бір үлкен халық жылжып келетін болады. Бірақ Жаратқан Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай, мынаны айтады: «Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, сендерге қарсы Мен бір халықты көтеремін. Олар сендерге солтүстіктегі Лебо-Хаматтан бастап, оңтүстіктегі Араба аңғарына дейінгі бүкіл елдеріңде зорлық-зомбылық көрсететін болады!»
Выбор основного перевода