Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда Сүлеймен көптеген шетелдік әйелдерге ғашық болды: перғауынның қызынан басқа оның моабтық, аммондық, едомдық, сидондық, хеттік әйелдері де болды. Патша осындай орындарды өзінің жат жерлік әйелдерінің барлығына жасап берді. Олар сол құрбандық орындарында өздерінің табынатын жалған тәңірлеріне хош иісті заттар түтетіп, құрбандықтар шалып ұсынатын. Сондай-ақ, Аса патша тіпті өзінің әжесі Маханы «патшаның шешесі» деген құрметті атағынан айырды. Себебі Маха жалған тәңір Ашераға арналған ағаш бағананы жасатып, орнатқан еді. Патша сол жексұрын бағананы шауып құлатып, Қидрон сайында өртеп жіберді. Ұрлық жасайсыңдар, кісі өлтіресіңдер, неке адалдығын бұзасыңдар, өтірік ант бересіңдер, Бағалға арнап хош иісті заттар түтетіп, құрбандық шалып, өртеп ұсынасыңдар. Өздерің бұрын танымаған бөгде тәңірлерге табынасыңдар. Ал содан кейін Менің есіміммен аталған киелі үйге барып, алдыма келіп: «Біз қауіптен аманбыз!» деп сенесіңдер. Сөйте тұра, осы жексұрын қылықтарыңды қайтадан істеп жүре бермексіңдер ме? Яһуданың қалалары мен Иерусалимнің көшелерінде олардың не істеп жүргендерін көрмей жүрсің бе? Балалары отын жинап, әкелері от жағады, ал әйелдері қамыр илеп, «Аспан патшайымы» деген тәңірсымаққа арнап нан пісіріп иіс шығарады. Олар бөгде тәңірлерге арнап сұйық тартулар құйып та ұсынады. Бұларын Мені ашуландыру үшін істейді! Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Сендер әйелдеріңмен бірге «Аспан патшайымына арнап хош иісті заттар түтетіп, сұйық тартулар ұсыну жайлы берген уәделерімізді міндетті түрде жүзеге асыра береміз!» деп сөзбен айтып, істеріңмен дәлелдедіңдер. Мейлі, сол уәделеріңді орындап, берген анттарыңды жүзеге асырыңдар!
Выбор основного перевода