Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен өлгеннен кейін сендердің азғындыққа салынып, мен өздеріңе бұйырған жолдан тайып кететіндеріңді білемін. Сондықтан болашақта бастарыңа бақытсыздық түседі. Себебі Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп, өз қолдарыңмен жасап алған тәңірсымақтарыңмен Оның ашуын туғызасыңдар». Енді Жаратқан Ие уәдесін орындап, осыны істеп отыр. Халқыңыз Жаратқан Иеге қарсы күнә жасап, Оның даусына құлақ аспай жүрді. Сондықтан да осы бақытсыздық бастарыңызға түсті. — Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Менің Иерусалимге және Яһуданың күллі қалаларына жіберген апатымды өздерің көрдіңдер. Олар, міне, қазір қирап, қаңырап бос жатыр. Күні бүгінге дейін осы халық күнәларына өкініп, Мені терең қастерлеген жоқ! Мен өздеріне және ата-бабаларына тапсырған Таурат заңыма әрі ережелеріме олар бағынған жоқ. Осылайша біз, бүкіл Исраил халқы, Сенің Таураттағы заңдарыңды бұзып, Саған мойынсұнудан бас тартып, сырт айналып кеттік.Сондықтан да күнә жасап келген біздің басымызға Құдайдың қызметшісі Мұса ежелде Тауратта жазып қалдырған қарғысқа және антпен бекітілген жазаға ұшырадық. Өзіңнің бізге және билеушілерімізге айтқан сөздеріңді жүзеге асырып, бізді ғаламат апатқа душар еттің. Иерусалимнің басына түскендей ауыр апат бұрын-соңды аспан астында болған емес.
Выбор основного перевода