Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Мен оларды жазалаймын. Жас жігіттері семсерден қаза тауып, балалары аштан өледі! — Әлемнің Иесі осыны нық айтады. — Осы қалада қалатын әрбір адам семсер, ашаршылық немесе індеттен құриды. Ал қаладан шығып, оны қоршап алған халдейлерге берілетін әркім тірі қалып, өз жаны өзіне олжа болады. Ата-бабаларына Өзім табыстаған осы елден олар толығымен құрып кетпейінше, Мен оларға семсер, ашаршылық және індет жібере беремін. Әлемнің Иесі солар туралы мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен олардың бастарына семсер, ашаршылық және індет түсіріп, оларды бұзылып, жеуге жарамай қалған жиренішті інжір жемістері сияқты етемін! Мысырды мекен ету үшін бет алғандар ол жерде семсер, ашаршылық не індеттен құритын болады. Мен бастарына түсіретін пәледен олардың ешқайсысы аман да қалмайды, қашып құтыла да алмайды. Сондықтан мынаны біліп қойыңдар: Сендер қоныстанғыларың келетін Мысыр елінде семсер, ашаршылық не індеттен құритын боласыңдар!
Выбор основного перевода