Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал егер әкесі сол туралы естіген күні қызына тыйым салса, онда қыздың берген анттары мен уәделерінің ешқайсысы күшінде қалмайды. Қыздың әкесі тыйым салғандықтан, Жаратқан Ие қызды берген сертінен босатады. Егер де қыз ант етіп, асығыстықпен біреуге берген уәдесін сертпен байлап, бұдан кейін күйеуге шықса Балалары отын жинап, әкелері от жағады, ал әйелдері қамыр илеп, «Аспан патшайымы» деген тәңірсымаққа арнап нан пісіріп иіс шығарады. Олар бөгде тәңірлерге арнап сұйық тартулар құйып та ұсынады. Бұларын Мені ашуландыру үшін істейді! Жалпақ үй төбелеріне шығып, аспан денелеріне иіліп табынатындарды, әрі Жаратқан Иеге де, жалған тәңір Молохқа да бірдей құлшылық етіп, адал болуға ант ететіндерді жоқ қыламын.
Выбор основного перевода