Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
осы кезде діни қызметкер әйелге қарғыс келтіретін мына анттың сөздерін айтқызып, оған былай десін: — онда Жаратқан Ие саған бойыңа бала бітсе оны түсіріп тастайтын құрсақ беріп, бедеу қылсын. Солай сенің халқың саған лағнет айтып, айыптайтын болсын! Ал егер бәрібір осылай істесеңдер, онда сол туралы Жаратқан Иенің не айтқанын тыңдаңдар, уа, Яһуданың елде қалған жұрты! Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Егер Мысырға барып, сонда қоныстанатын болсаңдар, онда өздерің қорқатын семсер сендерді сол жақта да тауып алады және өздерің қорқатын ашаршылық та сендердің соңдарыңнан Мысырға жетіп, сол жақта аштан қырыласыңдар. Мысырды мекен ету үшін бет алғандар ол жерде семсер, ашаршылық не індеттен құритын болады. Мен бастарына түсіретін пәледен олардың ешқайсысы аман да қалмайды, қашып құтыла да алмайды. Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, тағы мынаны айтады: Менің қаһарым Иерусалим тұрғындарына төгілгендей, Мысырға көшкен кездеріңде сендерге де төгіледі. Сендер қарғалып, қорқынышты көрініске айналып, масқара мен мазаққа ұшырайсыңдар. Ал осы жерді сендер енді қайтып көрмейтін боласыңдар. Сондықтан мынаны біліп қойыңдар: Сендер қоныстанғыларың келетін Мысыр елінде семсер, ашаршылық не індеттен құритын боласыңдар! Алайда Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар, уа, Мысырда тұрып жатқан күллі яһудилер! Жаратқан Ие мынаны айтады: Өзімнің ұлы атыммен былай деп ант етемін: Бүкіл Мысыр еліндегі бірде-бір яһудалық адам енді қайтып Менің атымды атап не мінажат етпейтін, не «мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Иенің атымен» ант бермейтін болады!
Выбор основного перевода