Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан Мен халқымды мысырлықтардың қолынан азат ету үшін көктен түстім. Оларды Мысырдан алып шығып, қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктер қоныстанған елге бастап алып барамын. Сол елдің жері шұрайлы, кең-байтақ, ағы мен балы ағыл-тегіл мол. Жаратқан Ие сендерді ата-бабаларыңа уәде еткен елге: қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, хевтіктер және ебустіктер тұрып жатқан, ағы мен балы ағыл-тегіл жерге бастап алып барады. Сонда осы рәсімді былай ұстануларың керек: Егер осы шешімдерге құлақ асып, оларды сақтап орындайтын болсаңдар, онда Құдайларың Жаратқан Ие ата-бабаларыңмен жасаған Келісімін сақтап, сендерге рақымын төгетін болады. Ол өздеріңе табыстауға ата-бабаларыңа антпен уәде еткен елде сендерді сүйіп, жарылқап, көбейтеді. Сендерді ұрпақты етіп, жерлеріңнің өнімін де жарылқап, өндірген астықтарыңды, жүзім шырындарыңды, зәйтүн майларыңды және табын-отарларыңның төлдерін мол қылатын болады. Ыбырайыммен жасаған Келісімін,Ысқаққа да антпен берген сол уәдесін, Жақыпқа оны ереже қылып бекітті,Исраил үшін тұрақты Келісім етті. — Аумин, Жаратқан Ие солай етсін! Ол Бабылдан Өзінің киелі үйінің бұйымдарын да, жер аударылған адамдарды да осында қайтарып, сенің «пайғамбарлық сөздеріңді» жүзеге асырсын! Сен ата-бабаларына беремін деп ант еткен ағы мен балы ағыл-тегіл мол елді мына халыққа табыстадың.
Выбор основного перевода