Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал мен Құдайдың киелі үйініңІшінде жасыл зәйтүндей өсіп-өнемін,Құдайдың рақымына мәңгі сенемін. Себебі жауларың у-шу көтеруде,Сені жек көретіндер өркөкіректенуде. Сондықтан Тәңір Ие оларға қайнаған қаһарын төгіп, сұрапыл соғыс жіберді. Бірақ олар Құдайдың лаулаған қаһарына ұшыраса да, соның себебін ұқпады! Тіпті жалыны жалмағанмен, олар мұны көңілдеріне түймеді! Мен сендерге лайықты жазаларыңды тартқызамын! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Орманыңа Өзім от қойып, ол сендердің айналаларыңдағының бәрін жалмап қояды!» Сол тәкаппар қала сүрініп, жығылады. Оны көтеріп алатын ешкім болмайды. Мен қалаларыңа от қойып, ол айналаңдағының бәрін де өртеп жібереді!» Ал Құдай «асыл тұқымды зәйтүн ағашының бірнеше бұтақтарын», яғни яһудилердің көпшілігін, сындырып тастап, қалғандарының арасына басқа ұлттық сендерді теліп кіріктірді. Сендер жай ғана «жабайы зәйтүн ағашынан» болсаңдар да, енді «асыл ағаштың түбінен шыққан шырыннан» олармен бірге нәр алып жатырсыңдар! Дұрыс! Құдай сол яһудилерді Мәсіхке сенбеген соң («асыл ағаштан», яғни Құдай халқынан) сындырып алып тастады. Енді олардың орнында сен тұрсың, өйткені Мәсіхке сенесің. Ендеше өркөкірек болмай, сақ болып жүр!
Выбор основного перевода