Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұнда Бунямин руының жеріндегі Анатотта тұрған діни қызметкерлердің бірі — Хелкия ұлы Еремияның пайғамбарлық сөздері берілген. — Сен жаяулармен жарысып, олар сені шаршатқан болса, аттармен қалай жарыспақсың?! Жазық жердің өзінде сүрінсең, Иордан бойындағы сыңсыған ну тоғайда сенімен не болмақ?! Тіпті өз ағайындарың, әкеңнің әулеті саған сатқындық жасап, артыңнан қатты балағаттап жүр. Олар саған жылы сөз айтса да, сен оларға еш сенбе! Еремия Жаратқан Ие өзіне бүкіл халыққа жариялауға тапсырғандарының бәрін айтып болғанда, олар оны ұстап алып, былай деп айқайлады: «Сенің көзіңді құрту керек! Сол уәзірлер патшаға:— Ана адамды өлтіру керек! Ол қалада әлі де қалып отырған жасақшыларды әрі халықты сондай сөздерімен рухтарынан айырады. Сөйтіп ол халықтың игілігін емес, оның құруын көздеп жүр! — деді. Алайда сендер Өзіме бағышталған назирлерге шарап ішкізіп күнә жасатып, пайғамбарларға: «Пайғамбарлық сөз айтпа!» деп тыйым салып жүрдіңдер.
Выбор основного перевода