Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда өзіңе жасап алған тәңірсымақтарың қайда? Құтқара алса, басыңа пәле түскенде келіп, сені құтқарып алсын! Өзіңде қанша қала болса, сонша тәңірге табынасың ғой, Яһуда-ау! Жастық шағымыздан бері сол масқара тәңірсымақтар ата-бабаларымыздың еңбектерінің жемісін — ірілі-ұсақты малдарын, тіпті ұл-қыздарын да жалмап келді. Ұрлық жасайсыңдар, кісі өлтіресіңдер, неке адалдығын бұзасыңдар, өтірік ант бересіңдер, Бағалға арнап хош иісті заттар түтетіп, құрбандық шалып, өртеп ұсынасыңдар. Өздерің бұрын танымаған бөгде тәңірлерге табынасыңдар. Ефрем халқы күнәнің құнын өтейтін құрбандықтар ұсынылатын үстелдерді көптеп орнатты, бірақ олары, керісінше, нағыз күнә жасайтын орындар болып кетті! «Менің Исраилді тапқаным иен далада өсіп тұрған тәтті жүзімді табумен бірдей болды. Мен ата-бабаларыңа інжір ағашының алғашқы маусымында ерте піскен жемісіндей қарап, қатты ұнаттым. Бірақ олар Бағал-Пеғорға келгенде өздерін сондағы масқара тәңір мүсініне бағыштап, содан өздері жақсы көрген сол мүсін сияқты жиренішті болып кетті. Исраил жемісін беретін жайқалған жүзім бұтасына ұқсайды. Ал жемісі көбейген сайын халық құрбандық үстелдерін көптеп салады. Ел өркендеген сайын, халық жалған тәңірлерге арналған киелі бағаналарды өрнектеп әшекейлеп отыр.
Выбор основного перевода