Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Жаратқан Ие оған былай деді: «Сен оның бет-жүзіне, бойшаңдығына қарамай-ақ қой. Оны мақұл көрмеймін. Себебі Құдай пенденің көзімен қарамайды ғой.Пенде назарын адамның бет-жүзіне аударады,Ал Жаратқан Ие оның жүрегіне көз салады». Ал сен, ұлым Сүлеймен, әкең сиынған Құдайды жақыннан танып-біл! Оған шын жүрегіңнен және бар жан дүниеңмен қызмет ет! Себебі Жаратқан Ие күллі адамдардың жүрегінің түкпір-түкпірлерін тексеріп, олардың барлық ой-ниеттерін түсінеді. Егер Оған бет бұрып сиынатын болсаң, Оны табасың. Ал егер Құдай Иеден бас тартып, елемей кетсең, онда Ол да сенен біржола бас тартады. Әділ Құдайым, жан дүниемізді сынайсың,Енді доғартсаңшы зұлымдардың сұмдығын,Әрі нығайтсаңшы әділдердің қорғанышын. Тексер мені, уа, Жаратқан, байқап көр,Жүрегім мен ой-санамды сынап көр. — Уа, Жаратқан Ие, Сен бәрін де білесің! Мені есіңде ұстап, назарыңнан тыс қалдырмашы. Қудалаушыларыма лайықты жазаларын тартқыза гөр! Сен аса шыдамдысың, опат болуыма жол бере көрме! Осы масқараға Өзіңе бола төзіп жүргенімді жақсы білесің ғой. Мен, Жаратқан Ие, адамның жүрегіндегісін зерттеймін, оның жан дүниесін анық тексеремін. Содан әркімге жасаған қылығына, істеген істеріне қарай есесін қайтарамын. Уа, Әлемнің Иесі, Сен кімнің әділ екенін тексеріп сынайсың, адамның жүрегі мен ой-ниетін анық көресің. Оларға істегендеріне сай әділ жаза тартқызғаныңды көрсете көрші, себебі мен ісімді Саған сеніп тапсырдым. Оның соңынан ергендерді өлтіріп құртамын. Сонда Менің әркімнің жүрегінің түкпір-түкпірін тексеретін Біреу екеніме барлық қауымдардың көздері жететін болады. Мен әрқайсыңның істеріңе қарай еселеріңді қайтаратын боламын.
Выбор основного перевода