Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді: «Міне, сенің көз жұмып, ата-бабаларыңа аттанатын уақытың жетті. Ал содан кейін бұл халық кіргелі тұрған елде азғындыққа салынып, сол елдің бөгде тәңірлерінің жолына түсетін болады. Осылай халық Менен бас тартып, олармен жасаған Келісімімді бұзады. Себебі Мен оларды ата-бабаларына уәде еткен, ағы мен балы ағыл-тегіл елге бастап апарғаннан кейін олар ішіп-жеп тойынып, семіріп, бөгде тәңірлерге бет бұрып, құлшылық ететін болады. Сонда олар Менен бас тартып, өздерімен жасаған Келісімімді бұзады. Олар Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап, Бағал атты жалған тәңірлердің мүсіндеріне табына бастады. Сол жаңа ұрпақ ата-бабалары сиынған, оларды Мысыр елінен алып шыққан Құдайлары — Жаратқан Иеден бас тартты, әрі айналаларында тұрып жатқан ұлттардың табынатын бөгде тәңірлерінің жолдарына түсіп, соларға иіліп құлшылық етті. Халық бұларымен Жаратқан Иенің қаһарын туғызды. Осылайша исраилдіктер Жаратқан Иеден бас тартып, Бағал мен Астартаның мүсіндеріне табынатын болды. «Саулды патша етіп тағайындағанымнан қайтамын. Себебі ол Менен теріс айналып, бұйрықтарымды орындамады», — деді. Ал Самуил қатты ренжіп, түні бойы Жаратқан Иеге жалбарына сиынып шықты. Жосия патшаның заманында Жаратқан Ие маған былай деді: «Тұрақсыз Солтүстік Исраилдің не істегенін көрдің бе? Ол әрбір биік төбеге шығып, әрбір саялы ағаштың түбіне барып, жалған тәңірлерге табынып азғындық жасады. Осының бәрін істегеннен кейін оны Өзіме қайтып оралатын шығар деп ойлаған едім. Бірақ ол оралмады. Оның үстіне, опасыз сіңлісі Яһуда да мұны көріп тұрды. Мен тұрақсыз Солтүстік Исраилге жасаған барлық азғындықтары үшін талақ хатын жазып беріп, оны қуып жібердім. Әйтсе де бұдан оның опасыз сіңлісі Яһуданың еш қорықпағанын, тіпті өзінің де азғындыққа салынғанын көрдім. Сол жеңіл жүрісі өзіне түк емес болып көрініп, ол тас пен ағаштан жасалған тәңір мүсіндерімен рухани азғындық та жасады. Ал осының бәріне қарамай Солтүстік Исраилдің опасыз «сіңлісі» Яһуда Маған шын жүрегімен емес, өтірік қайтып келді!» — дейді Жаратқан Ие. Жаратқан Ие маған былай деді: «Опасыз Яһудаға қарағанда тұрақсыз Солтүстік Исраил әділірек. Бірақ халық Мені тыңдаған да жоқ, сөздеріме ден қойған да жоқ. Олар қыңырланып, тіпті өз ата-бабаларынан бетер көп күнә жасады. Мына зұлым халық Менің айтқандарыма құлақ асудан бас тартады. Олар қасарысқан жүректерінің қалауларымен жүріп, бөгде тәңірлерге құлшылық етіп, соларға иіліп табынуда. Сондықтан олар осы белбеуге ұқсап түкке тұрғысыз болып қалады. Мен сол иен далада олардың балаларына былай дегенмін: «Ата-бабаларыңның жаман әдет-ғұрыптарын орындамаңдар, олар табынған жалған тәңірлермен өздеріңді арамдамаңдар!
Выбор основного перевода