Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Жеті күн бойы ашытқысыз пісірілген нан жеңдер. Алғашқы күні-ақ үйлеріңнен ашытқы атаулыны шығарып тастаңдар. Осы апта ішінде ашытқымен дайындалған тамақ ішкен әркім Исраил халқының арасынан аластатылуға тиіс. жеті күн бойы ашытқысыз пісірілген нан жеңдер, әрі жетінші күні Жаратқан Иеге арнап мейрам өткізіңдер. Иерусалимде жиналған исраилдіктер жеті күн бойы үлкен қуанышпен Ашымаған нан мейрамын тойлады. Күн сайын леуіліктер мен діни қызметкерлер Жаратқан Иеге бағышталған сазды аспаптарының сүйемелдеуімен Оны дауыстап мадақтап отырды. Бұдан кейін Яһуда елінің патшасы Амасиях кеңесшілерімен ақылдасып, Солтүстік Исраилдің патшасы Жоғасқа елшілерін жіберді. Осы Жоғас Ехудің немересі, Жоғахаздың ұлы еді. Амасиях оған:— Кел, бетпе-бет соғысайық! — деген шақыруын жолдады. Парсы патшасы Кирдің (Бабылға) билік құрған алғашқы жылы Жаратқан Ие оның жүрегіне түрткі салып, бүкіл патшалығы бойынша жарлық шығартып, хат та жазғызып жібертті. Бұл, Жаратқан Иенің Еремия пайғамбар арқылы алдын ала айтқан сөзінің жүзеге асуы үшін болды. Хатта былай деп жазылды: Содан Мидия аймағының астанасы Екбатанадағы қорғаннан төмендегідей жазуы бар бір кітап табылды:«Ескерілуге тиісті құжат. Осындай кереметті істеген Жаратқан Ие мадақталсын! Ол — ата-бабаларымыздың Құдайы Өзінің Иерусалимдегі ғибадатханасын безендіріп көркемдеуге деген құлшынысты патшаның жүрегіне салған болатын. Осының бәрі болып жатқан кезде мен Иерусалимде жоқ болатынмын. Өйткені Бабылға Артақсерікс патшалық құрған отыз екінші жылы патшаның қасына қайтып кеткен едім. Едәуір уақыт өткеннен кейін, Яһуда аймағына кері қайтуға патшаның рұқсатын сұрап алдым.
Выбор основного перевода