Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Діни қызметкерлер текелерді шалып, қанын бүкіл Исраил халқын күнәларының арамдығынан тазарту үшін құрбандық үстеліне бүркіп шашты. Себебі шалынып, өртелетін және күнәнің құнын өтейтін құрбандықтар бүкіл Исраил елі үшін ұсынылсын деп патша алдын ала бұйырып қойған болатын. Ал діни қызметкерлер аз болып, олар шалынып, өртелетін құрбандықтардың терілерін сыдырып үлгіре алмады. Сондықтан басқа діни қызметкерлер тазару рәсімінен өтіп болғанға дейін, рулас бауырлары, леуілік қызметшілер, оларға жұмыстарын бітіргенше көмектесе тұрды. Бұлар тазару рәсімінен өтуге діни қызметкерлерден гөрі көбірек көңіл бөлетін еді. Екінші айдың он төртінші күні олар Құтқарылу мейрамына арналған тоқтыларды сойды. Өткен жолы даяр болмағандарына ұялған діни қызметкерлер мен леуіліктер тазару рәсімінен өтіп, Жаратқан Иеге бағышталып, дайын тұрды. Олар Оның киелі үйіне арнайы шалынып, өртелетін құрбандықтарды алып келді. Тоқтылар құрбандыққа шалынды. Діни қызметкерлер қанын құрбандық үстеліне бүркіп, леуіліктер терілерін сыдырды. Бағыштау рәсімі басталмас бұрын діни қызметкерлер мен леуіліктер тазару рәсімінен өтіп, өздерін қайтадан Жаратқан Иенің қызметіне бағыштады. Содан олар халыққа, қақпаларға және қабырғаға тазару рәсімін жасап оларды Жаратқан Иеге бағыштады.
Выбор основного перевода