Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Сүлеймен Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандық үшін жиырма екі мың мүйізді ірі қара мен жүз жиырма мың қой-ешкіні ұсынды. Осылайша патша мен күллі исраилдіктер киелі үйді Жаратқан Иеге бағыштау рәсімін орындады. Сол үшін Ілияс он екі тасты алды: Жақыптың он екі ұлынан тараған әрбір ру үшін бір тастан. Ежелде Жаратқан Ие Жақыпқа сөзін арнап, оның есімін Исраил деп өзгерткен болатын. Бабылға жер аударылудан қайта оралғандар осыдан кейін Исраилдің сиынатын Құдайына арнап шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар ұсынды: бүкіл Исраил халқы үшін он екі жас бұқа, сонымен қатар тоқсан алты қошқар мен жетпіс жеті еркек тоқты шалынды. Ал күнәнің құнын өтеу үшін он екі теке де құрбандыққа ұсынылды. Бұлардың бәрі Жаратқан Иеге арналған шалынып, өртелетін құрбандықтар болды.
Выбор основного перевода