Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Осы нәрселер орындалып болғаннан кейін халқымның бірқатар басшылары маған келіп, былай деді: «Исраил халқы, соның ішінде тіпті бірнеше діни қызметкерлер мен леуіліктер де бар, елдегі бөтен ұлттық адамдардан бойларын аулақ ұстаған жоқ! Сол ұлттар ежелгі қанахандық, хеттік, перездік, ебустік, аммондық, моабтық, мысырлық, аморлық халықтарға ұқсас. Исраилдіктер сол бөтен ұлттардың жексұрын әдет-ғұрыптарынан сақтанып, бөлек жүрмейді. Өйткені олардың өздері және ұлдары бөтен ұлттардың бірсыпыра қызына үйленіп алған. Осылайша Құдайға бағышталған халық жалған тәңірлерге табынатын көршілес ұлттармен араласып кеткен. Мұндай опасыздықты алдымен істейтіндер — басшылар мен қызметкерлердің өздері!» Кезінде Өзіңе қызмет еткен пайғамбарлар арқылы Сен мынадай бұйрықтар берген болатынсың:«Өздерің еніп, иемденейін деп жатқан осы ел сонда әзірше тұрып жатқан ұлттардың жексұрын да жалған тәңірлерінің кесірінен арамдалған. Сол ұлттар жексұрын іс-әрекеттерімен елді бір шетінен екінші шетіне дейін арамдап тастаған. Сол кезде Исраилдің үрім-бұтағы барлық жат жұрттықтардан бөлініп шықты. Исраилдіктер (Жаратқан Иенің алдында) тұрып, өз күнәлары мен ата-бабаларының теріс қылықтарын мойындады. Енді біздер — халықтың қалған бөлігі: діни қызметкерлер, леуіліктер, қақпа күзетшілері, әншілер, ғибадатхана қызметшілері және Құдайдың Таурат заңына бағынып айналадағы халықтардан бөлініп кеткен басқалардың бәрі өз әйелдерімізбен, осы Келісімнің мазмұнын түсіне алатын ұл-қыздарымызбен бірге
Выбор основного перевода