Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Парсы патшасы Кирдің (Бабылға) билік құрған алғашқы жылы Жаратқан Ие оның жүрегіне түрткі салып, бүкіл патшалығы бойынша жарлық шығартып, хат та жазғызып жібертті. Бұл, Жаратқан Иенің Еремия пайғамбар арқылы алдын ала айтқан сөзінің жүзеге асуы үшін болды. Хатта былай деп жазылды: Сол кезеңде Хаққай пайғамбар және Иддоның ұрпағы Зәкәрия пайғамбар Яһуда мен Иерусалимдегі яһудилерге Құдайдың хабарларын жеткізіп жүрді. Олар мұны Исраилдің үстінен билік құрған Құдайының атынан істеді. Сонда Салатиел ұлы Зоробабел және Ехосадық ұлы Ешуа қайтадан іске кірісіп, Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйінің құрылысын жалғастырды. Құдайдың пайғамбарлары қастарында бірге болып, оларды қолдап жүрді. Ал Кир патша өзінің Бабылға билік құрған бірінші жылы Құдайдың осы киелі үйін қайта тұрғызу туралы жарлық шығарды. Осы жарлықты өзгертуге немесе Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйін қиратуға әрекет еткен әрбір патша не халықты өз есімін сол жерде орнатқан Құдай жазалай көрсін! Мен, Дарий патша, осы жарлықты шығардым. Жарлық мұқият жүзеге асырылсын!» Осы жайттардан едәуір уақыт өткеннен кейін, парсы патшасы Артақсерікстің заманында, Езра есімді адам Бабыл елінен Иерусалимге келіп жетті. Оның шыққан ата-тегі мынау: Езра Сераяхтың ұлы еді, ал Сераях Азарияхтан, Азариях Хелкиядан, Сонымен менің, Артақсерікс патшаның, бұйрығым мынау:Батыс Евфрат өлкесіндегі барлық қазынашыларға әмір етемін: Көктегі Құдайдың заңының мұғалімі әрі діни қызметкер Езра сендерден не сұраса да, бәрін еш кідіріссіз қамтамасыз ететін болыңдар!
Выбор основного перевода